• Слайд 1
  • Слайд 2
  • Слайд 3
  • Слайд 4
  • Слайд 5

          «Меценат» деген  сөзінің  мағынасы  өнер мен ғылымға  қаржылай  көмек  көрсететін адам. Бұл атау  өнер  қамқоршысы  болған  римдік  Гай  Цильний Меценаттың  тегімен  байланысты. «Меценат» ұғымы қазақ  халқының дәстүрінде  «Шүлен» түрінде бұрыннан  бар. «Шүлен»  деп  бай адамдардың  әл-ауқаты  төмен адамдарға  беретін  материалдық көмегін айтқан. Сондай-ақ  дәулетті  адамдардың  әншілер  мен  ақындар сияқты  өнер  адамдарына да  үлкен  көмек  көрсетіп  отырған.

            Қазақ  жеріндегі  меценаттық  пен қайырымдылық  дәстүрлері  сол меценат  мырзалардың  арқасында  көптеген  іс-шаралар  жүзеге  асты. ХІХ  ғасырда  қазақ  балалары  үшін  білім сәулесін  шашқан  тұңғыш  мектеп  Жәңгір хан  Қазақстанның  батыс  өңірінде  білімнің  қара шаңырағы  болып  есептеледі. Оны 1841жылы кіші  жүздің  соңғы реформатор  ханы  Жәңгір хан  қазақ  балаларына  арнап ашты. Шоқан  Уалихановтың  әжесі  Айғаным да  Құсмұрын  жерінде  орыс шеберлерін  шақыртып  он  бөлмелі  үй,  ауласына  мешіт, медресе  салдырған. Медреседе бай-кедейіне  қарамастан  талапты  балаларды   жинап, діни  пәндермен  қатар   орыс  тілі  мен  дүниетану, өнер  пәндерін  оқыттырған.

            Қазақтың  ұлы  ақыны  Абай  Құнанбаевтың  әкесі  Құнанбай   «Ескі  там»  деген  жерде  қазақ балаларына  арнап мектеп, Қарқаралыда  мешіт, 1874 жылы  қажылық  сапармен  Меккеге  барып, екі жыл  өмір  сүреді   де,  сол қалада  қонақ үй  салдырады.

«Мамания  мектебі»  қазіргі  Алматы  облысы, Ақсу  ауданының  Қарағаш деген  жерде  ХХ ғасырдың  басында  жұмыс істеген. Жетісудың атақты  байы  Маманның балалары Тұрысбек, Сейітбаттал  және Есенқұл  қажылар 1899  жылы  осы  медресені ұйымдастырған. Ол  мектепте  Маманның балалары  мен қыздары  және олардың  малшы-жалшылардың  балалары оқыды.  І.Жансүгіров – Мамания  мектебінің  түлегі.

            Торғайда – Мұқан, Семейде – Құнанбай, Жуалыда – Жұман, Жетісуда –   Маман сияқты  ауқатты  адамдар  осындай  шүлен  беріп  атағы  шыққан  зиялылар  болды.

«Шүлен» дәстүрі  қазіргі  Тәуелсіз Қазақстанда  өз  жалғасын  тауып  отыр. Қазіргі таңда  «Туған  жерге тағзым» қайырымдылық пен қамқорлық  акциялары  аясында  өз  жалғасын  тауып  келеді. Бұл  акцияға  қатысушылар  асып  тасығаннан  емес, өз  жеріне  деген, Отанына  деген сүйіспеншілігін  білдіріп  өзі  оқыған  мектебінің  материалдық  жағдайын  жақсартуға  аз  болса  өз  үлестерін  қосып отырған азаматтар мен азаматшалар.

            Міне, 2016 жылдың 30 наурызында ауданымызда Қандыағаш қалалық орта мектептері мен ауыл мектептерінің түлектерімен осы акцияны іске асыру барысында кездесу өтті. 

            Бұған дейін акцияға қаладағы жалпы бес мектеп  бойынша 80 түлек белсенділік танытып, нәтижесінде 8800.0 мың теңгенің заттай және ақшалай үлес қосқан болатын.

            2016  жылдың 10   ақпанында Ембі   аймағы бойынша  Ембі  қалалық   № 1,2,3,4,7 ОМ, Жем  қалалық  ОМ, Мұғалжар  ОМ, Қайыңды  ОМ, Алтынды  ОМ, Бұлақты ОМ, Құмсай  ОМ, Жаңажол  ОМ, Құмжарған  ОМ, Құмжарған  НМ, Саға  НМ, Қожасай НМ, Қаз. ССР. 30  жыл.  ат. НМ,  барлығы  17  мектеп  қатысты. 

            Мектептерге  мектеп  түлектері,  кәсіпкерлер демеушілік   жасап, барлығы 16 238.0 мың теңге көлемінде   қаржылай   және   материалдық   қолдаулар  көрсетілді.

            Алдағы жаңа оқу жылына дейін акция аясында Алтынды орта мектебінің спорт залын 10 000.0 мың теңгекөлемінде «Алтын экс компаниясы» АҚ күрделі жөндеуден өткізіп беретін болды.

         Бүгінгі күнге дейін ауданда тек қана білім саласы бойынша акциялардың өткен нәтижесінде жалпы  25038.0 мың теңге көлемінде қаржылай және материалдық көмек көрсетіліп отыр.

         Бұл қуантарлық нәтиже және білім саласындағы барлық білім ұйымдарының акцияны ұйымдастыру барысындағы нәтижелі жұмыстары аудандағы басқа салаларға үлгі боларлық іс.

 

         Акцияны жүйелі түрде жүргізу ауданның іс барысында жүрген әрбір азаматқа парыз болса, өскелең ұрпаққа өнеге, туған елдің өсіп өркендеуіне үлес қосу дегенің осы емес пе...